.. Қоярсың, досым, қандай кінә маған?..
Даламның екінші аты – киік еді, Бөкенмен беделім де биік еді. Құралай қырылуда кең далада, ...Сездірер замананың күйі нені? Бір қайғы көңілімді сыналайды: Өсіп ем күнде көріп құралайды. Киеге күйе жаққан заманадан, Төзімім соққы көріп тұралайды. Ұлытып салғаннан соң ғұмыр әнді, Ірітіп әжем отыр қымыранды. ... Даладан дәру іздеп келген жүрек, Зырқ етер көрген сәтте зымыранды. Жалғызы етпеген соң сөзіне елең, Жер шұқып қартым отыр көзіменен. ... Ауылдан шығар деуші ед Апылатын, Шықпай тұр киік-көңіл озық өрен. Айтқанын көлденеңнің ақыл деппін, Жырларым! Жан айқайын шақыр, көптің....