Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би
Майқы би Төбейұлы 1105-1225 жылдар шамасында ғұмыр кешкен, қазақ халқының төбе биі болған. Тарих деректеріне назар аударсақ, ол бір ғана емес бүкіл түркі тұқымдас халықтардың бас биі болғанға ұқсайды. Сондықтан да оны түрік тұқымдас елдер әсіресе татар, башқұрт, қарақалпақ, өзбек халықтары бас биіміз деп санаған. Сондықтан «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы майқы би» дейтін қанатты сөз атадан балаға таралып, түйінді даналы сөздің де, би біткеннің де көш басшысы атанған. Ежелгі шежіреге көз салсақ, тарихта екі Майқы би болғаны туралы деректер кездеседі. Белгілі...