Ұрпағына болса деймін аманат!..
Ашық әр кез алқаракөк аспаны, Шежіресі шер жамылған тастағы. Батырлығы мирас болған балаға, Баба рухы - елдігімнің асқары. Дұшпандарын әрі асырып сан қырдан, Ерлігімен Алты Алашты таң қылған. Бабаларым өр еді ғой шетінен, «Ел жолында ,-деп айтатын -жан құрбан». Найзасымен түйрейтұғын кесірді, Қашаннан-ақ сесі-үлгі. Өтті өмірден Қаракерей Қабанбай, Сөзі менен ісі әр кез кесімді. Ел мен жердің әдемі әнін шырқат та, Кесірлікке кебін кигіз,тіл қатпа. Дұшпанына бөген болған Бөгенбай, Батылдығын қалдырыпты ұрпаққа. Туған елге төнген кезде...