.. Қоярсың, досым, қандай кінә маған?..
.. Қоярсың, досым, қандай кінә маған?..

Даламның екінші аты – киік еді,
Бөкенмен беделім де биік еді.
Құралай қырылуда кең далада,
...Сездірер замананың күйі нені?

Бір қайғы көңілімді сыналайды:
Өсіп ем күнде көріп құралайды.
Киеге күйе жаққан заманадан,
Төзімім соққы көріп тұралайды.

Ұлытып салғаннан соң ғұмыр әнді,
Ірітіп әжем отыр қымыранды.
... Даладан дәру іздеп келген жүрек,
Зырқ етер көрген сәтте зымыранды.

Жалғызы етпеген соң сөзіне елең,
Жер шұқып қартым отыр көзіменен.
... Ауылдан шығар деуші ед Апылатын,
Шықпай тұр киік-көңіл озық өрен.

Айтқанын көлденеңнің ақыл деппін,
Жырларым!
Жан айқайын шақыр, көптің.
Жырлаумен Жезкиікті өткен ақын,
Не деймін аруағына Кәкімбектің?!

Сау жеткен талай нәубет, сұламадан,
Киікті қырып тастап тұра ма адам?
...Ажалын тосып жатқан ақбөкеннің,
Жас көріп жанарынан ...
Жылап алам.

... Қоярсың, досым, қандай кінә маған?..

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
8 жыл бұрын 3214
0 пікір
Блог туралы
0
20142 152 281 294 144