Лао-Цзы әлемінен
Лао-Цзы әлемінен

Ақылдылылық пен білімділік жойылса адамдар жүз есе бақыттырақ болады; адамды сүю мен «әділеттілік» жойылса адамдар ұлдардың құрметті  мен әке махаббатына қайта оралады; қулық пен дүние қуу жойылса, ұрылар мен қарақшылар болмайды. Бұл үш зат та білімнің жетіспеуінен пайда болады. Сондықтан адамдардың қарапайым және сыпайы болуға, жеке бастың қалауын азайтуға, құштарлықтан  азат болуға үндеу керек.

***

Отыз шыбық бір мойынға бірігіп дөңгелекті құрайды, бірақ дөңгелектің айналуы шыбықтардың арасындағы бос кеңістікке байланысты. Лайдан ыдыс жасайды, бірақ оның пайдаланылуы ондағы бос кеңістікке байланысты. Үй салу үшін есік пен терезе қондырыады, бірақ үйді пайдалану ондағы бос кеңістікке байланысты. Міне сондықтан да бар нәрсенің пайдалылығы бос кеңестікке байланысты.

***

Бес түс көзді қарықтырады. Бес дыбыс құлақты ауыртады. Бес дәм ауыздың дәмін кетіреді. Атта тез шабу мен аңшылық жүректі қобалжытады. Қымбат бағалы заттар адамды қылмыс жасауға итермелейді. Сондықтан жетілген дана әсем заттар болсын деп емес, өмірді тоқ етуге тырысады. Ол алдыңғысынан бас тартып, соңғысымен шектеледі.

Жүре білетін із қалдырмайды. Сөйлей білетіндер қателік жібермейді. Кім санай білетін болса, ол есептеу құралдарын пайдаланбайды. Кім ескті жаба білсе, ілгек қолданбайды және есікті ешкім аша ламайтындай  етіп жабады. Кім түйін түйе алса, жіпті пайдаланбай-ақ, қайтып шешілмейтін түйін түйеді. Сондықтан жетілген дана  ылғи да адамдардың ебін тауып құтқарады және оларды тастап кетпейді. Бұл терең даналық деп аталады. Сонымен, ізгілер қайрымды еместердің ұстазы, қайрымды еместер – олардың тірегі болып табылады. Егер қайрымды еместер өздерінің ұстаздарын бағаламаса  және өздерінің тіректерін сүймесе, онда олар өздерін саналы санағанымен, көрсоқырлыққа ұрынады. Міне осы ең маңыздысы және тереңі.  

 ***

Даңқ пен масқара қорқынышқа ұқсас. Көрнектілік өмірдегі бақытсыздықтың ірісі. Даңқ пен масқара қорқынышқа ұқсас дегеніміз не? Ол төмендегі адамдар даңқты қорқынышпен алады және оны қорқынышпен жоғалтады деген сөз. Даңқ пен масқара қорқынышқа ұқсас дегеніміз, міне, осы.

Көрнектілік өмірдегі бақытсыздықтардың ірісі деп неге айтамыз? Ол –мен өзімді-өзім бағалы ден санағандықтан болатын ірі бақытсыздыққа  ие екендігім. Мен өзімді–өзім бағалы деп санамасам, онда менде бақытсыздықта болмас еді. Сондықтан  көрнекті адам адамдарға жанқиярлықпен қызмет ете жүріп солардың арасында өмір сүруі мүмкін. Ізгі адам адамдарға  жанқиярлықпен қызмет ете жүріп, солардың арасында өмір сүруі мүмкін.

 

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
9 жыл бұрын 4967
0 пікір
Блог туралы
0
20142 152 281 294 144