Жер шері
Жер шері

Атауым бар-ЖЕР деген,
Тіршілікті мейіріммен емдеген.
...Кей кездері аялаймен мен оны,
Кей кездері безе қашам пендеден.

Адамзаттың аялаумен ақ таңын,
Жомарттықтың жыр-дастанын жаттадым.
...Тарих дейсің,шығып алып мінбеге,
Тарих жайын мен айтайын жатқа мың.

Шуақ-нұры алыс қашып көктемнің,
Өкпегіне мойныңды бұр өткеннің.
Тектілердің үні естілер тереңнен,
...Олар үшін тебірендім,кектендім.

Есімдері мақтанышпен  аталған,
Орын алған мәңгіліктен- қатардан.
Мәңгілікке атың кетті сендердің,
Елім деген, жерім деген қаһарман.

Арпалысып арланша,
Ел,жер үшін қасық қаны қалғанша.
Ерлеріме,етігімен су кешкен,
Айып па екен,таң қалса?!

Өз басынан биік қойып мұратын,
Ар-ұятты биік санап тұратын.
Тербетемін рухыңды мен сенің,
Айналайын, ұлы ақын!..

Ал,біреулер...
Тірмізік те,тіміскі,
Тірлігінің толайымы-жымысқы.
Арбалап-ақ тасығанмен алтынды,
Көпене ғып жинаса да күмісті.

Қоғамдағы кесірліктің құнысы,
Алдау болды арбау болды-жұмысы.
Із қалмады атағы мен байлықтан,
Таңдауы да-мұнысы.

Жүрегі де тілегі де-қара түс,
Ар отына жана түс!
Қара ниет терістігін ұқтырып,
Қорымында қонып отыр қарақұс.

Зеңгір көкте қалықтасын тек қыран,
Өзімді ұғын,сөзімді ұғын,текті ұлан.
Тоқсан толғау шежірелі төсімде,
Арыстарым асыр салса деп тұрам!..

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
9 жыл бұрын 3090
1 пікір
  • еңгір көкте қалықтасын тек қыран,
    Өзімді ұғын,сөзімді ұғын,текті ұлан.
    Тоқсан толғау шежірелі төсімде,
    Арыстарым асыр салса деп тұрам!..

    Жақсы тілек екен.
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
20142 152 281 294 144