Бірлік бар жерде тірлік бар
Бірлік бар жерде тірлік бар

БІРЛІК – ҚАЗАҚ ҰҒЫМЫ

 

Жалғастырар кешегі мен бүгінді,

Ақ пейілі – ұрпағына мұра да.

Қарсы болма, «бірлік» деген ұғымды

Шығарған ел – қазақ болар, сірә да!..

 

Бар адамды бауыр деген, дос деген,

Қонағына ошақ оты өшпеген.

Даласынан дарыған-ау кеңдігі,

Пейілі бар, сыры ешқашан көшпеген.

 

Бабаларым өсиет қып бірлікті,

Ақындары ел достығын жыр қыпты.

«Ала болсақ ауыздағы ас кетер» деп,

Бірліктен соң ойлаған-ау тірлікті.

 

Үш жүзімнің дуалы ауыз билері

«Бірлік әнін көкірекке түй» деді.

«Бірлік» деді, қазағымның әндері,

«Бірлік» деді , қазағымның күйлері.

 

Біріккеннің жыры да – бір, әні – бір,

Біріккеннің мәні менен жаны – бір.

Толғау әні тоқсан түрлі тірлікте,

Бірлік озар, бірлік озар бәрібір.

 

Тектілігін төрткүл дүние танитын,

Даналар – ай!

Айтқан сөзі даритын.

Бұл сөзіме анық дәлел, қарасаң,

Білге қаған, Тоныкөктің тарихын.

 

Өзге ұғымды өз елімнен кім күтпек?

Бауырмалдық биігінде тұрдық тек.

Басқа – басқа, баласының атын да,

Қояды екен бұл қазекем «Бірлік» деп!

 

Жалғастырар кешегі мен бүгінді,

Ақ пейілі-ұрпағына мұра да.

Қарсы болма, «бірлік» деген ұғымды

Шығарған ел – қазақ болар, сірә да!..

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
9 жыл бұрын 9929
3 пікір
Блог туралы
0
20142 152 281 294 144