Ұрпағына болса деймін аманат!..
Ұрпағына болса деймін аманат!..

Ашық әр кез алқаракөк аспаны,

Шежіресі шер жамылған тастағы.

Батырлығы мирас болған балаға,

Баба рухы - елдігімнің асқары.

 

Дұшпандарын әрі асырып сан қырдан,

Ерлігімен Алты Алашты таң қылған.

Бабаларым өр еді ғой шетінен,

«Ел жолында ,-деп айтатын -жан құрбан».

 

Найзасымен түйрейтұғын кесірді,

Қашаннан-ақ сесі-үлгі.

Өтті өмірден Қаракерей Қабанбай,

Сөзі менен ісі әр кез кесімді.

 

Ел мен жердің әдемі әнін шырқат та,

Кесірлікке кебін кигіз,тіл қатпа.

Дұшпанына бөген болған Бөгенбай,

Батылдығын қалдырыпты ұрпаққа.

 

Туған елге төнген кезде қан-құрық,

Ерлігімен кетті жұртты таң қылып.

Нау тұлғалы Наурызбайдың ерлігі,

Санамызға жазылған-ды мәңгілік.

 

Наркескенін суырған да қынаптан,

Бабам солай дұшпандарын сұлатқан.

Дат баласы Сырым шықса атойлап,

Қаһарланған үні қалар құлақта.

 

Жер бетінде естілмесін жаманат,

Аман болсын, алтын құрсақ қағанат.

Бес қарулы бабалардың ерлігі,

Ұрпағына болса деймін аманат!..

 

...Сергек екен, сергек екен санасы,

Көңілінде жоқ-ау, сірә,наласы.

Баба ерлігін аманатқа алғандай,

Анау тұрған еркін елдің баласы!..

                            

 

 

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
10 жыл бұрын 4582
3 пікір
  • Қазақтың қай өңірін, қай руын алсаң да міндетті түрде ел қорғаған баһадүрлері мен мөр басқарған дана басшылары, төрелік еткен әділ билері болған.
    10 жыл бұрын
  • алманың патриотизммге ұштасқан, елдікті жырлайтыны ұнайды. аса керек таақырыптардың бірі, тым ұсақталып барамыз, қарын қамы деп. әйел адамның қаламынан мұндай жырдың тууы да көшпенді халықтың артықшылығы болса керек. жасай бер, қазақ
    10 жыл бұрын
  • Дұрыс осындай өлеңдер көп болуы керек!
    10 жыл бұрын
Блог туралы
0
20142 152 281 294 144