Бірлік бар жерде тірлік бар
БІРЛІК – ҚАЗАҚ ҰҒЫМЫ Жалғастырар кешегі мен бүгінді, Ақ пейілі – ұрпағына мұра да. Қарсы болма, «бірлік» деген ұғымды Шығарған ел – қазақ болар, сірә да!.. Бар адамды бауыр деген, дос деген, Қонағына ошақ оты өшпеген. Даласынан дарыған-ау кеңдігі, Пейілі бар, сыры ешқашан көшпеген. Бабаларым өсиет қып бірлікті, Ақындары ел достығын жыр қыпты. «Ала болсақ ауыздағы ас кетер» деп, Бірліктен соң ойлаған-ау тірлікті. Үш жүзімнің дуалы ауыз билері «Бірлік әнін көкірекке түй» деді. ...