Жылжып жылдар, өтсе де ай алмасып, Құрбан болған досы есте, аяулы, асық. Қырғын жылдың еске алып қасіретін, Қарт майдангер келеді баяу басып. Артында қап жас шағы күліп, қырдың, Сабағынан қалғаны-ай,сынып гүлдің. Шаттық күнін шарпыды жалынымен, Қырық бірдің маусымы,қырық бірдің. Ажал сеуіп,қанатын жайған қара, Майдан-дала, қасірет,майдан-дала. ...Ал, ауылда қаусаған кәрі-құтаң, Жесір жеңге,бастан бақ тайған бала. Жадыраған жаз-өмір жырын жұтқан, Кегін алды ол залымдық, зұлымдықтан. Оқ пен оттың жүргенде ортасында, Бейбіт өмір кешудің құнын ұққан. ...