Уығыңды көк тіреп асып бердің...
Уығыңды көк тіреп асып бердің...

Ой-хой көктем,

Көк нұрынды шашып келдің.

Көк табаңа сыйма тасып келдің.

Қазақтың дархан даласына,

Уығыңды көк тіреп асып бердің.

 

Жымың қақты жұлдыздар, күн оянды,,

Шашын тарап табиғат, ол-боянды.

Мерген көздеп асықты алшаң басып,

Қанжыға ілуге сұр қоянды.

 

Сылаң қақты ағаштар желек жалғап,

Күнді сүйді ақ қайын, теректі алдап

Қайқы көзін сүзеді көктегі Ай,

Ой жүгіртіп құбылысқа, тұрды талдап.

 

Осы сәтті Жер-Ана ұқты тез-ақ,

Бүрме көйлек киіп – ап тұрған кез-ақ.

Үкісімен қытықтап көкті тілді,

Нұрға толды қойнауы лезде-ақ.

 

Түнді силап, жастарға күнде батты,

Бозбаланың сезімі бүршік атты.

Алтыбақан басында базарлы той.

Аласұрып кеудеде жүрек жатты.

 

Қымыз қылық тындырар есіңіді әбден,

Дәмеліміз Қорланға салған әннен.

Тоз-тоз болған сезімдер сейіліп-ақ,

Кетті сіңіп көктемге көңіл әбден.

 

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
9 жыл бұрын 3182
2 пікір
  • Тоз-тоз болған сезімдер сейіліп-ақ,

    Кетті сіңіп көктемге көңіл әбден.
    9 жыл бұрын
  • Шыныменде табиғаттың гүлденген әсем шағы көңіліңді көтеріп, ләззат сыйлайды. Осындай жарқын, жайма шуақ күндерді Аллам барша мұсылманға нәсіп етсін!
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
20142 152 281 294 144