Қалайша елжіремей тұра алайын,
Өзіңде – бар нәзіктік, сірә, дәйім.
Жалғанның жаурадың-ау желінен сен,
Келе ғой жақынырақ, құралайым.
Келе ғой, жақынырақ, аялайын,
Жүрегін жылуымның аямайын.
Түңілме тіршіліктен.
Түңілгенмен
Түсінер екеумізді қай ағайын...
Кел енді...
Жаныма кел, жасқанбағын,
Сенбісің, сан адасқан, қашқан бағым?
... Елжіреп қоя бердім сені көріп,
Қайтадан оралғандай аспандағым.
Құралай!
Айналайын көздеріңнен,
Табармын мұндай жанар өзге кімнен?
Сөзсіз-ақ сырын айтар көз барлығын,
Қалайша тіршілікте сезбедім мен?!
Сен қандай ғажап едің, керемет ең!
Санайын мен өзіңді неге бөтен?..
Мейірге шөліркеген мына әлемге,
Сұлулық мына сендей керек екен...
Тірлікте ең жазықсыз – тек сен бе екен?
Кеш мені, бір әрекет етсем бөтен.
... Нуына нәзіктіктің ену үшін,
Айналып ақбөкенге кетсем бе екен?..
А. ТҮСІПБЕКОВА
КИІК ЛАҒЫ
|

2 пікір
-
Cаттармың-сан жылқы Айға қарап шашып тұрды (Оралхан Бөкей (Өз отыңды өшірме)4 жыл бұрын
-
Алма ТүсіпбековаРахмет Саттар аға!4 жыл бұрын
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТ жаңа жазба қосты: "Жасөспірімдер НЕГЕ суицидке көп барады? Маман жауа..."3 ай бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Батыс Қазақстанда бір жанұя құрт сатып тапқан табы..."3 ай бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Орталық Азия: радикалдану және стратегиялық мәселе..."3 ай бұрынАскар Искаков жаңа жазба қосты: "Бәйге мен көкпар аттарына дем салу дұрыс па?..."3 ай бұрынАскар Тауекелов жаңа жазба қосты: "Смерть государств и новое человечество: три опасны..."3 ай бұрынДәурен жаңа жазба қосты: "«Қожалы геноциді». Бейбіт тұрғындарды қойша қырған..."3 ай бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Halyk Bank кәсіпкерлерге арналған жаңа халықаралық..."3 ай бұрын2021, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.