Аққулардың тербететін арманын
Аққулардың тербететін арманын

Мен мұңайсам-жүрегіме ем іздей,

Мен шаттансам шалқып кетем теңіздей.

...Әсем әнге, болмысыммен мұңдылау,

Ұқсаспын мен-егіздей.

 

Ашқанымда ақ зер әлем есігін,

Жаратқаным  «жырдан-деді, -несібің».

Бұлт астында сәуле барын ұқтырар,

Әннен таптым, әдемі әлем бесігін.

 

Таба алмаудан жанымды ұғар бір адам,

Сан сүрінгем тірлігімде, құлағам.

Көңілімнің күйіменен үндесіп,

Ән естілген.

Сонда егіліп жылағам.

 

Ән иесі-жаны сырлы, рухты,

Адалдыққа аттың басын бұрыпты.

Жыландарды жек көріпті дәл мендей,

Қырандарды жаны қалап тұрыпты.

 

Бағамдапты биіктіктің өлшемін,

 Атқа қонар, Алашына келсе мұң.

Әнмен тербеп жүргеннен соң әлемді,

Артады екен ел сенім.

 

...Сол тымық түн.

Жыр да, мен де-үнсіз ек,

Аспан қойған жұлдыздардан мың күзет.

Сенің әнің естілгенде

Шаттанып,

Жанымдағы қоя берді күлкі үдеп.

 

Ех, жанымды кім ұқпас!..

Мұқағали  күлкісімен қылықтас,

Сол күйімді сонет қылса, шіркін-ай,

Қандай адам сыр ұқпас?

 

Сосын бекіп...

Тұрдым-дағы орнымнан,

Тексіздерге қарап бір сәт тор құрған.

Пенделіктің күлге көмгем кебінін,

Кебенекпен кесірлерді қор қылғам.

 

Аққулардың тербететін арманын,

Сол ән екен, талғамым.

Сылып тастар бойыңдағы наланы,

Сездірмейтін құдіреті-ай, жанға мұң!..

Келешекке үмітімді жалғадым...

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
9 жыл бұрын 3351
2 пікір
  • Сездірмейтін құдіреті-ай, жанға мұң!..

    Келешекке үмітімді жалғадым...
    9 жыл бұрын
  • Ия, адам баласының үмітсіз өмір сүруі-өшкені, әрдайым ол бар жерде бақыттың басыңа кеп көшкені!
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
20142 152 281 294 144