АНАҢНЫҢ АЛ БАТАСЫН!..
АНАҢНЫҢ АЛ БАТАСЫН!..

Қызғалдақ па?

Жазға жетпей солады,

Жоғалады күні ертең-ақ құмдағы із.

Тағылымы тоқсан толғау болады -

Бір аңызды мен айтайын.

Тыңдаңыз.

 

Бір жас жігіт ақыл-ойын саралай,

Өз ойынша –шариғатпен «толықты».

Сырқаттанған анасына қарамай,

Қажылыққа аттанбақшы болыпты.

 

Ал, анасы айтты ұлына ақылын,

-Бұның балам, дұрыс болмас, әй, тегі?

Сауығайын, түзелейін ақырын,

Ақшаңменен мені емдетсең қайтеді?

 

Айтқанға көн, солай істе, алтыным,

Кездеспесін десең алдан тосын жар.

Ренжітпе, анашыңды жарқыным,

Жазылайын, қажылыққа сосын бар!

 

Амал нешік?

Тыңдамады анасын,

Жолға шығып кете барды баласы.

Сырқат қинап, анасы айтты наласын,

Теріс бата – жүрегінің жарасын.

 

Жас жігіт-ай, білместіктен таланды,

Алла қойды өз үкімін кесіп те.

Күн де батып, болған кезде қараңғы,

Түнемекші болған екен мешітке.

 

Шаттығыңның шытынаса шынысы,

Бақыт құсы ұшты дей бер қолдағы.

... Сол ауылдың түн жамылған ұрысы,

Тығылыпты мешітке кеп ол-дағы.

 

Санасында орын болмай сабырға,

Берекесі қашып сосын мешіттен.

Сайтан айтты құлағына – тағы ұрла,

... Шығып кетті терезеден – тесіктен.

 

Ізін тауып баукеспенің – ұрының,

Бекем ұстап бар қаруын – қанжарын.

Ашайын деп сан істеген былығын,

Ел адамын жинап келді жандарм.

 

Тірлік осы, дауға ұласқан ақыры,

Ойлап көрші, осы жерде кім ұтты?

Бетегемен сәл теңескен ақылы,

Ұйықтап жатқан ұстап алды жігітті.

 

Ақталады, оны қай жан ұғады?

Жігіт сорлы, бар дейсіңіз қанша әлі?

Алып шықты, екі көзін шығарып,

Сен – баукеспе, жылаттың деп баршаны.

 

Жігіт айтты – кім бар мені көмерге,

Әр ісінің күте алмайтын ақырын?

Ақымақ деп айтыңдаршы, мені елге,

Анасының тыңдамаған ақылын!

 

Бұйырады мұндай сұмдық жай кімге,

Баяғы арман адыра боп, жай қалып,

Алақанын жая-жая әркімге,

Кетті бір күн қайыршыға айналып.

 

Көктемепті арманының бүртігі,

Аллам оған осылайша жекіпті.

Ел жағалап жүре-жүре бір күні,

Әлгі жігіт өз үйіне жетіпті.

 

Шыққан кезде анасы есік алдына,

Қайыршыны – жалғыз ұлын көріпті.

Ғайыптан бір үн естіліп жаңғыра,

Қайран ана құдіретке жолықты:

 

Жан болғанмен толып тұрған нұрлы үміт,

Мойнына оның талай бейнет салдырдық.

Қажылықты ниет етті бұл жігіт,

Сосын ғана аяқ-қолын қалдырдық!

 

Анасының істемесе тілегін,

Анасының түсінбесе жүрегін,

Бұл өмірде бола қоймас жолы да,

Күтеді оны күлдібадам бір өлім.

 

Бұл өмірде болары анық жолыңыз,

Құрмет тұтып, сыйласаңдар ананы.

Ізгілікпен әр кез көрші қоныңыз,

Мейірімге толтырып ап сананы.

 

Тауысқанда мына тірлік тандырын,

Ақ кебінге оранып ап жатасың.

сезгің келсе сырлы әлемнің ән-жырын,

Анаңыздың батасын ал, батасын!..

 

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
9 жыл бұрын 4280
0 пікір
Блог туралы
0
20142 152 281 294 144