Ұқсастық
Ұқсастық

 Жылап аққан сылдырындай жылғаның,

Түсінемін тірі жанда сыр барын.

... Байқап қалдым, қоқыс терген әйелдің

Гүлге қарап, мұңға батып тұрғанын.

 

Жүдеу өңді, төменшіктеу назары,

Ерте көшкен секілді өмір-базары.

Қайыршының күнін кешкен сол жанның

Қоқыстағы гүл дестеде – назары.

 

Гүлге оранған күн түсе ме есіне,

Гүлге сонша тесіледі несіне?

Солған гүлге сонша қарап тұрғанша

Кешкі асына іздемей ме несібе?..

 

Құлы болған жан ба еді, әлде, теңгенің,

Қатал тағдыр салған, сірә, шеңгелін.

Тағдырының тайқы ма екен тақтасы,

Сұрқай-өмір ерте алды ма сенгенін?..

 

Бақытының шыт көйлегі тозғасын,

Сезген сәтте тағдырынан озбасын,

Өткен күндер тілгілеп бір өзегін,

Жертөледе сыққан болар көз жасын.

 

Санасында – сағым болған сая-бақ.

Гүл дестені жақынырақ таяп ап.

Өткен күнін – көктем күнін сипайды ол,

Тілімденген қолдарымен аялап.

 

Құлақ салсаң сырға толы сөзіме,

Бір ойды анық ұялаттым өзіме:

Солған гүл мен сол әйелде ұқсастық,

Бар секілді көрінгені көзіме...

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
9 лет назад 5759
3 комментария
  • тамаша
    9 лет назад
  • Рахмет Саттар аға ! Алланың нұры жаусын!
    9 лет назад
  • Жүрекке жетеді екен.
    Алла берген сынақтан сүрінбейік ағайын. Мұндай адамдарды Алланың сынағынан сүрінген ба деп қалам. Аллам қайғыда да, қуанышта да сабыр берсін. Аллаға барынша тәуекел етсек, Алла сыйын берері хақ.
    9 лет назад
О блоге
0
20142 152 281 294 144