НАЙЗАҒАЙДЫҢ НАЗАСЫ
НАЙЗАҒАЙДЫҢ НАЗАСЫ

Найзағай - Алланың бірегей белгілерінің бірі. Күннің күркіреуі адамзатқа ажал кемесінің әр уақытта жақын екендігін мәлімдеп, өлшеулі өмір-керуенінің көшпелі екендігін ұғындырады. 

Назаланам мен неге?
Сауал – осы, сайтан-мінез пендеге.
Тасбауырдың көтергенше салмағын,
Тастап оны жібермейді жер неге?

Жүгенсіздің жанарына жас қалап,
Мен жер болсам жіберер ем тастап-ақ.
Амал нешік?
Бұйырғаны көк – маған,
... Жол табамын, пенде, саған – басқарақ.

Дауысыммен күркіретем әлемді,
Қайтесің сен, ал енді?
Кісәпірдің ұшырамын үрейін,
Құдайына бермейтұғын сәлемді.

Мына менің жарқылым,
Басады әр кез «қарғалардың» қарқылын.
Жаратқаным пенделерін осылай,
Астына алар – талқының.

Қасиеттің түскенменен кем құны,
Ұғатындай шамадасың сен мұны:
Жарты әлемді жалпақ басып жүрсең де,
Бір Аллаға құл екенің белгілі.

Сайтандардың зәріменен емделер,
Жан ба едің сен, Жаратқанды кем көрер?
...Жай отымен осып өтсем басыңнан,
Күніңе осы зар боларсың сенделер.
АЛЛАНЫ ата.
Тәубеңе кел, пенделер!..

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
9 лет назад 4624
0 комментариев
О блоге
0
20142 152 281 294 144