Жығылып жатып, жеңіске қадам
Жығылып жатып, жеңіске қадам

Жалғанмен сансыз жағаласқанмын,

Сілкілеп, мейлі, жатса да.

Сырымның құлпын саған ашқанмын,

Салмақты мінез, жақсы аға.

 

Тарпаң тағдырым таяқтағанда,

Жығылғам...

Сосын жылағам.

Түн ауып, ақ таң таяп қалғанда

Түс көргем.

Бақыт тұр аман.

 

Арманға аппақ ұмтылдым ерен,

Орнымнан сосын тұрдым да.

...Кісәпірлердің құлқынын көрем,

Қазағын тартқан құрдымға.

 

Күндерім кейде теріс қараған,

Ауыртпай басын хал-демім.

Жығылып жатып, жеңіске қадам

Жасаған сәтім бар менің!

 

Көңілде сол кез қалған ән-жырдың

Табылар ма екен жалғасы?

Арқаға құйып жауған жаңбырды

Жырлашы, жүрек!

Талмашы!

 

Келешек!

Саған сендім ғой, кәміл,

деуменен – бәрі теңелер.

Мың күнгі сынақ бердің ғой, тәңір,

Сабыр мен төзім бере гөр!..

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
9 лет назад 4306
3 комментария
  • Тарпаң тағдырым таяқтағанда,

    Жығылғам...

    Сосын жылағам.

    Түн ауып, ақ таң таяп қалғанда

    Түс көргем.

    Бақыт тұр аман.
    9 лет назад
  • ...Кісәпірлердің құлқынын көрем,
    Қазағын тартқан құрдымға.
    9 лет назад
О блоге
0
20142 152 281 294 144