Жанға шипа, дертке дауа күшті емің
Жанға шипа, дертке дауа күшті емің

Жаратқаннан жеткен маған құс па едің,

Мейірімнің биігінен түспедің.

Жазылмауға хақым менің жоқ, білем,

Жанға шипа, дертке дауа күшті емің.

 

Мекен етіп аурухана төсегін,

Күн санадым, қауіпті боп кеселім.

Ертеңіме қол создырдың сонда сен,

Пейіліңді табаныма төседің.

 

Дертті болған, сан қиналған кездерім,

Мына өмірден шұғыланы сезбедім.

...Дәрігерді дем беруші десе егер,

Сөздеріне сенем енді өзгенің.

 

Таусылды деп  талғажауым тірлікте,

Көз тіккенім – көкжиекте бір нүкте.

Дәрігерім, араша боп жаныма,

Қасіретті қуған едің күндікке.

 

Кездерімде шыбын жаным қиналған,

Жанарымның шарасына сыйды арман.

Сенің емің, қайрат берген сөздерің,

Маған – өмір, тірлік болған, сый болған.

 

Деп ойлаушы ем: Күйредім де, жайрадым,

Жігер бердің, намысымды қайрадың.

Қайта оралып елес болған ертеңім,

Үмітімді үкіледім, сайладым.

 

Дертті болып, жиналғанда шер ішке,

Жақсы жандар қолдаса егер – теріс пе?

...Дәрігердің екінші аты – мен үшін

Ақ қанатты періште!..

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
9 лет назад 5533
2 комментария
  • Ақ халатты абзал жандар аман болсын! Бірақ қазір қолыңдағы қаржыңа қарап диагноз шығаратын дәрігерлер көбейіп барады.
    9 лет назад
  • Ұлы Жаратушым Гиппократ антын қабылдаған жандардың қолына шипа берсін! Бәрі Алланың қалауымен болады!
    9 лет назад
О блоге
0
20142 152 281 294 144