Ақыл қалта немесе парасат сабағы
Ақыл қалта немесе парасат сабағы

Испан халқының ұлы жазушысы Бальтасар Грасиан шынайы өмір сүрудің мәнін терең зерттеп, ұрпақ үшін мәңгі боларлық ақыл кітабын қалдырған. «Ақыл қалта» кітабы осыдан 352 жыл бұрын жазылғанына қарамастан бүгінгі дәуір келбетімен астасып жатыр. Себебі барлық дәуірде, барлық ортада  адамгершілік қағидалары баршаға ортақ емес пе.  

1.Үш қасиет адамды керемет етеді-бұлар ұлы жомарттықтың жоғарғы сыйлары: жемісті дарын, сұңғыла ақыл және нәзік талғам. Жақсы ойлап табу артықшылық, ал одан да ойластырып алу- одан да артық. Бұған жақсыны бағалай білуді қосу керек. Дарын омыртқада болмайды, әйтпесе ол өткір ойдан гөрі ыждағатқа көбірек ұқсар еді. Дұрыс пікір-парасаттың жемісі. Жиырма жаста – сезім, отызда - дарын, қырықта - ақыл басым болады. Сілеусінің көзі  сияқты сәуле төгіп тұратын ақылдар  бар, түн неғұрлым қараңғы болса, олар соғұрлым жарқырайды, әрқашан ең қолайлыны табатын бақыттылар болады, мұндайларға көп нәрсені жақсы жасаудың сәті түседі:бұл жемісті еңбек етуді сыйлайтын бақытты қасиет. Ал жақсы талғам адамның бүкіл өміріне көрік береді.

***

Кеберген ерін су тамызуды сұрайды. Тілек - құндылықтың өлшемі. Жақсы талғам дененің шөлін қандыруға емес, қоздыруға кеңес береді. Жақсы нәрсенің аз болуы-екі есе жақсы. Екінші рет бәрі нашар сияқты көрінеді. Тойғандық, жалыққандық – сүйсініп, ғанибет сезіміне бөленуге зиян келтіреді, тіпті ғасырлар таныған ұлылықты сұрықсыз етеді. Ұнамды болудың дұрыс тәсілі, аштықтан туған тәбетті дер кезінде байқап, оны тойындырмау. Оның шеңбірек атып тойғанынан, шыдамсыз тілекпен қозғаны жақсы: себебі азап көріп барып жеткен рахат екі есе тәтті болады.

 ***

Адамның жетілуі туралы. Ол сыртқы көрікте, әсіресе, мінезде жарқырай көрінеді. Материалдық таразы алтынның бағасын, ал адамгершілік безбен - кісінің құнын көрсетеді: ол бойдағы қасиетке көрік бере отырып, құрмет туғызады. Адамның сымбаты – жан қақпасы; байсалдылық-салмақты сенімділік: сөзде ақылшы, істе үлгілі. Жетілу нағыз адамға ғана тән, ол неғұрлым жетілген болса, соғұрлым биік тұлғалы; балалық шақтан шығып, ол маңыздылық пен беделге ие болады.

 ***

Ақылдылардың мақұлдауы. Көрнекті адамның салқын ғана «ия» деуі тобырдың мақтануынан ұнамды-ескінің сарыны онша қуантпайды. Ақылдылар істі түсіне отырып пікір айтады, тек олардың мақтауы ғана ерекше қуанышқа бөлейді. Македон патшасы ақылды Антигон Зенонды өз даңқының театры деп атаған. Платон үшін оның бүкіл мектебін Аристотельдің  бір өзі ауыстыра  алған. Ал кейбіреулерге қарны тойса болғаны. Тіпті әміршілердің өздері  жаза білетін адамдарды  қажет етеді және олардың қаламынан кейіпсіздің суретші қылқаламынан қорыққаннан бетер қауіптенеді.

 ***

Сәттіліктің ірі кесектері үшін – үлкен қарын. Парасаттылық денесінде үлкен асқазан соңғы рөлді атқармайды. Өйткені тұтастың сыйымдылығы бөлкітерінің кеңдігіне байланысты. Ізгі сәттілікті одан да жоғарыға  лайықтылар жеңіл қорытады; біреу тойып кететін тамақ біреудің жұмырына жұқ та болмайды. Көпшілікке патша тағамы  да сіңбейді- ішек жұқа оларға үйренбеген, лауазымды қызметтер үшін  тумаған. Олардың дөрекілігі осыдан, жағымпаз қошмет бастарын айналдырады, биіктік олар үшін қауіпті; сәттілікті шамадан тыс аңсай бергендіктен, олар дандайсудан жарылып кетеді. Ал ұлы қайраткер одан да үлкенді сыйдыра алатынын дәлелдейді – ол әуелі жүрегінің шектеулі екенін көрсетуден сақтанады.

 ***

Бақыт пен даңқ. Алғашқысы қаншалықты тұрақсыз болса, соңғысы соншалықты өзгермейтін болып келеді. Бақыт осы өмірде, даңқ өлгеннен кейін кледі. Біріншісі көре аламушылықта, екіншісі ізсіз жоғалуды жеңеді. Бақытты тілейді, кейде оған қол жеткізеді; даңқа еңбек сіңіреді. Ізгі даңқты  аңсауда қажыр –қайрат тудырады. Даңқ әрдайым  ұлылардың  еншісінде болып келеді және бола береді. Ол кереғарлықтың серігі: ғажайып немесе құбжық, тамсандырады немесе жүрек айнытады.

 ***

Ақылды ізгі мақсатпен ұштастыру-көп табыстың кепілі. Кемел ақыл мен жасық жігер зорлап қосқан жұбайлар сияқты. Арам ниет – білік абырой үшін у сияқты, ол ақылдың көмегімен зұлымдықты  одан сайын шеберлікпен жасай түседі. Арам мақсаттар үшін пайдаланылған  үлкен ақыл жек көруге лайық! Санасыз ақыл есуастықтан жаман.

 

 

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
9 лет назад 8242
3 комментария
  • Ақылды ізгі мақсатпен ұштастыру-көп табыстың кепілі. Кемел ақыл мен жасық жігер зорлап қосқан жұбайлар сияқты. Арам ниет – білік абырой үшін у сияқты, ол ақылдың көмегімен зұлымдықты одан сайын шеберлікпен жасай түседі. Арам мақсаттар үшін пайдаланылған үлкен ақыл жек көруге лайық! Санасыз ақыл есуастықтан жаман.
    9 лет назад
  • Ойландыратын жазбаларыңыз көбейе берсін. Күтеміз.
    9 лет назад
  • Рақмет! Алма әпкеміз бізге әлем әдебиетінің классикасының ең маңызды жерлерін жариялап тұрады. Машалла! Алла разы болсын!
    9 лет назад
О блоге
0
20142 152 281 294 144