ҚАРТ СӨЗІ
ҚАРТ СӨЗІ

Бабам берген сыбағаға-
Барқыт белдер, құба дала.
Қадіріңді (қайтсем екен),
Сезеді ме, мына бала?

Сенде тамған кімдік қаны,
Мына мұндар мұңды ұқпады.
Сан айтсам да сарнап күнде,
Санасына «шыр» жұқпады.

Қарға жеген - жерігіне,
Не дейін мен келініме?
Құныс па өзі?..
Немерем жүр,
Ақ тимеген ерініне.

Тұғырына қыран қонған,
Қайран күндер!
Жыр-ән болған.
...Қайыр бар ма, төрт түліктен,
Ноқта көрмей, құлан болған?

Қайран жастық!
Күнім ерен,
Кеткенің бе, шыныменен?!
...Бос қораға байғыз қонып,
Сұңқылдады түніменен.

Қалмай адам сұсы-биік,
Тұла-бойым ысыды, ұйып.
Құдайы жоқ мынау үйде,
Болып барам кісікиік.

Болып жатса айман-айым,
Қалай ғана жайланайын?..
...Ит те безіп кеткен үйге,
Соғып кетші, айналайын!..



Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
9 жыл бұрын 4300
0 пікір
Блог туралы
0
20142 152 281 294 144