Ақ зер әлемнен сыр ,
Жазбасам өлең – сырқатпын.
Тура жолымнан тайдырып,
Әкетпек мені бұлтақ-күн.
Тірлік-ай!
Неткен үстем ең?
Тырысам келіп күшпенен.
Анау бір алып жағамнан,
Етектен мынау тістеген.
Сабырдан болып несібім,
Жасайын әр кез кешірім.
Таспен атқанға ас берсем –
Несі мін?!
Көңілім бөлмей ұсаққа,
Әлемді алсам құшаққа.
Қараға келмес қарағым,
Ұмсынып әр кез түсі аққа.
Арылып мұңнан – мұнардан,
Шаттықты терсек шынардан.
Білсеңіз, мына тіршілік,
Жақсылыққа тек құралған.
Жағаңнан алса тіршілік,
Кетпесін денең түршігіп.
Астында бұлттың сәуле бар,
Жаныңа сыйлар жыршы-үміт...