ӘКЕ
ӘКЕ

Ұлылық қой – ұраны,
Қасиетін айт, ерек.
Жел өтінде тұрады,
Биік өскен бәйтерек.

Текті әніне салады,
Ісін істеп арлының.
Құшағына алады,
Тал-дарақтың барлығын.

Тұңғиық сыр – мінезі,
Биік өскен қорғанның.
Қасқаяды бір өзі,
Айбары боп орманның.

Асқақтыққа ол тең еді,
Майдалығың жарамас.
Қорғанына сенеді,
Айналада бар ағаш.

Төзді тағдыр кәріне,
(Ұмытар ма, мұны есті?)
Қорған болып бәріне,
Бар ғұмырын түгесті.

Шыбық үшін
шерменде
Күй кешеді ол несіне?
... Бәйтеректі көргенде,
Әкем түсті есіме...

 

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
9 жыл бұрын 4996
1 пікір
Блог туралы
0
20142 152 281 294 144