Панчатантрадан үзінді
Панчатантрадан үзінді

«Ақыл мен ғылымның  неше алуаны Үндістан елінде екен, онда шыққан кітаптың саны есепсіз көп. Бәрін қамти алмадым, бірақ «Панчатантраны» («Бес бәйіт») аударуға өте құмарлықпен кірістім.

Бируни

 

Панчатантрадан үзінді

Бал арасы құмыраның мойнына жұққан балдың хош иісті дәмін сезіп, ләззатына құмартып, дәмін татып көріп, оған місе тұтпай, құмыраның ішіне түсіп, мол балды татпақ болыпты. Одан қалай шығарын ойламапты, құмыраның ішіне түскен ол балды бойына малып, ісініпті де, құмыраның аузына сыймай қысылып өліпті. Кімде-кім бұл дүниедегі еншісіне тиген несібесін місе тұтпай, есепсіз молшылыққа, ен байлыққа ұмытылса, төніп тұрған қауіпті елемесе, осы араның кейпін киеді.

***

Кейде әдемі ағаштың бүлінуіне өзінің жемісі себеп болады. Өйткені қалың жемісті ауырлап бұтақтары иіледі, жемісін алам деп жұлмалап, сындырады. Тауыстың құлпырған көркі, салтанатты сәні құйрығында, бірақ бәлеге де сол душар етеді. Мысалы ол тез жоғары ұшып, аңдыған жауынан құтылайын десе, әлгі құйрығы ауырлық етеді. Кейде жарамда аттың  қасиеті өзінің түбіне жетеді. Оны мініске көп пайдаланады, күшін кемітеді. Зиялы адам өзінің жақсылық  қасиеттерінен жапа шегеді, іші тар пенделер оны көре алмайды. Жақсы адамдардан жаман адамдар анағұрлым көп, олар зиялылар жөнінде жабыла өсек тартып, ақыры көзін құртып тындырады.

Ал кейде бұл тағдыр қусынған сұмды ақылынан ажыратып, әлсізді саналы етеді, күштінің бетін бөгеп, ынжыққа қайрат береді. Жарлыны байытып, байды кедей етеді.

***

Жаратушы өзі жаратқан қай нәрсе болсын, оған лайықтап, өзі жетіп жығылатын белгілі бір шек қойыпты. Егер біреу-міреу осы шекткен асып кетпек болса, оны жазымыштан озмыш жоқ деген ереже күтеді... Бұл дүниеде адам үш нәрсенің қамын жеп, соған бар ниетімен тырысуы керек екен, солардың бірі–күнкөріс жағдайы, екіншісі – өзінің адамдарымен қарым-қатынасын дұрыс құра білу, үшіншісі – өзі туралы кейінгі ұрпаққа жақсы үлгі қалдыру деседі. Қашанда қадірсіз қасиеттер бар, солардың бірі -ойсыз тоғышарлық, екіншісі - білімсіздік, үшіншісі-естігеннің бәріне бірдей сене берушілік екен.

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
1 год назад 442
2 комментария
  • Бируни айтқандай-ақ құмарлықпен кірісіп оқитын кітап екен. Себебі, жай ғана үзіндісінің өзі терең ой саларлық ғибрат сөздерге толы.
    1 год назад
  • Жаратушы өзі жаратқан қай нәрсе болсын, оған лайықтап, өзі жетіп жығылатын белгілі бір шек қойыпты. Егер біреу-міреу осы шекткен асып кетпек болса, оны жазымыштан озмыш жоқ деген ереже күтеді...

    Күресетін күш-қайратың таусылғанда жазмыштан озмыш жоқ деп, Аллаға тәуекел деп кете береміз.
    1 год назад
О блоге
0
20142 152 281 294 144