Ләззат алудың сиқырлы кілті – Иман
Ләззат алудың сиқырлы кілті – Иман

- Әлем кітабының және Шариғат фытрийенің (күллі әлем тәртібін сақтап, белгілі бір режимде әрекет еткізіп отырған Алланың заңы) мәні мен рухы, болмысы мен тынысы, түр-түсі мен реңі, өрнегі мен бейнесі», «мән-мағыналардың ғана түсініктемесі, сөздердің ғана дыбысы және белгілі мақсат-мұраттардың ғана сөз қалыбы емес, ол – ойымыздың айшықталар тілі, сезімдеріміздің тербейтін әуезі, жүрегіміздің жалындар қайраты, Алламен арадағы сұхбаттастық тілмашы, үмітіміздің келешекке қарай ұшырған алтын қанатты құсы.

- ...Әрбір көркем бейне немесе зат – Хақ Алла Тағала нұр сипатының, сұлулығының айнасы және жаңғыры.

 - Кешірімділік те ең ұлы құндылық. Кешірімге ие болу – пәнденің тәубасына келіп, іштей тазаруға, бастапқы болмыс бітіміне қайта оралуға тырысуы.

 - Зұлымдық пен кекшілдік жер бетін талан-тараж алаңына айналдырды. Біз кімде кім тауқыметке ұшырап, сол  үшін құрдымға кететін болса, онда оларға ең алдымен мейірімділік пен кешірімділік танытуымыз қажет.

- Әлемді өзгертемін дегендер, ең алдымен, өзін өзгерткені абзал, яғни ішкі жан дүниесін түрлі кесір мінезден, кекшілдіктен, өзімшілдіктен арылтып, игі қасиеттермен безендіруі керек.

 - Әлем тұтастай алғанда материалдық қиындық көріп отырған жоқ. Осындай жағдайда миллиондаған халықтың аштан қырылуы көңілге қонбайды. Әділетсіздіктен талан-таражға түсіп отырған материалдық игіліктер, қайырымдылық қорлары шын мұқтаж адамдарға берілуі керек»

- Мен ешқашан таңдаулылардың қатарында болуға, біреулер сияқты көрнекті орында көрінуге тырысқан емеспін. Мен – құдайдың қарапайым құлымын, адамзат қоғамының кішкентай ғана мүшесімін. Құранда «адам құдайды танып, оған қызмет ету үшін жаратылған.

- Тарихтан түбегейлі қол үзудің өзіндік қатерлері бар. Дәстүрлі құндылықтардан қол үзген жастардың тәрбиесіне материалдық табыстан өзге барлық құндылықтардан алшақтау қаупі төнеді. Идея мен сезімдердің тереңдігін, ойдың айқындығы тәрізді материалдық құндылықтар, мәдениет немесе руханилықтың қабілетін бағалау, көбінесе қазіргі заманның оқу орындарында ескерілмейді. Олардың білім беру әдіс-тәсілдері жаһанда нарықтық жүйе үшін жаппай функционалистерді тәрбиелеп шығаруға ғана негізделген.

- Жандары діни нұр мен рухани тазалыққа бөленген, санасы жаратылыстану ғылымын сіңірген, көкірек көзі ашық адамдарды тәрбиелеу.

- Білімге талпынып, алған білімі арқылы басқаларға пайда тигізсе, шынайы адам – сол. Білім алуға талапсыз пендені адам қатарына қосудың өзі қиын. Егер білімді адам өзін-өзі әрқашан жетілдіріп, жаңартып отырмаса, басқаларға үлгі көрсете алмаса, онда ол адам деген атқа лайық бола алмайды.

- Әдебиеттің мәні, негізінен, тәрбие, ізет, көркемдік арқылы нәзіктікке сүйеніп, бір қалыпқа жетуге саятын «әдеп» түбірінен тарайды

- Сұлулық – көзіміз бен жан-жүйемізді жаулаған, рухымызда қуаныш пен келісім сезімдерін оятқан, содан жалғасып, әрі қарай ішкі дүниемізде әсемдікке айналып үлгерген және бізге суреттеп беруге оңайға соқпаған ең қызық дәуренді, балғын балауса сәттерді туғызып отырған мән, мағына, мазмұн және сурет сынды эстетикалық негіздер, не болмаса, осы негіздердің бір бөлігін тамашалатқан ішкі әлеует...

 -...Әрбір көркем бейне немесе зат – Хақ Алла Тағала нұр сипатының, сұлулығының айнасы және жаңғырығы.

 - Сұлулықтарды сезініп ләззат алудың сиқырлы кілті – Иман.

 - Әйел, әсіресе, анаға тән қасиетке ие әйел, аспан әлеміндей шексіздікке жетелейтін өте терең әлем және көңілінде жұлдыздар іспетті отты сезімдердің, ой-пікірлердің жалындап тұратын түйсік пен мейірімділік шуағы. ...Жан дүниесінің інжу-маржандары – сана-сезімі арқылы мәңгілікке қарай қанат жайған әйел бірде бір ұстаздың жеткізе алмаған ақиқаттарын үйретіп, рухани дүниемізді байытып отырады... Ол отбасында темірқазық іспетті үнемі бір орында айналып жүреді... Жан дүниесі жадыраған әйел – мейірімділіктің бейнесі, ал мейірімділік оның жаратылыс болмысынан туады. Егер осы асыл табиғат әртүрлі сұрқия күштердің батпағына былғанбаған болса, онда ол айналасына үнемі мейір-шапағатын төгіп, мейіріммен ойлайды, мейіріммен сөйлейді, мейіріммен елжірейді және өмір бойы жанында жүргендерге мейіріммен сүйсіне қарап, әрбір жанға шоқ-шоқ мейір гүл шапағаттарын сыйлайды... Нәзіктік пен шын адамгершілігін сақтап, әрқашан да мұң-қайғыға төзіп, сабыр сақтайды... Әрдайым сұлу жандарды ғана көріп, тек сұлулықпен ғана қоян-қолтық араласқысы келеді.

 Феткуллаһ Гүлен көрнекті түрік ойшылы, ақын-жазушы, дінтанушы ғалымның еңбектерінен алынған қанатты сөздер

 

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
1 год назад 876
8 комментариев
  • - Кешірімділік те ең ұлы құндылық. Кешірімге ие болу – пәнденің тәубасына келіп, іштей тазаруға, бастапқы болмыс бітіміне қайта оралуға тырысуы.
    1 год назад
  • осы мен редакциялаған кітаптан емес пе, алма
    1 год назад
  • Әлемді өзгертемін дегендер, ең алдымен, өзін өзгерткені абзал, яғни ішкі жан дүниесін түрлі кесір мінезден, кекшілдіктен, өзімшілдіктен арылтып, игі қасиеттермен безендіруі керек.
    1 год назад
  • Саттар аға, бұл профессор Серік Қирабаевтың Ф. Гүленнге арнап жазған мақаласынан алынды.
    1 год назад
  • мен редакияламаған кітабы емес екен
    1 год назад
  • Саттар аға қандай кітабын редакцияладыңыз?
    1 год назад
  • ғұмырлық өлшемдер деген кітабын, артында менің аты-жөнім тұр
    1 год назад
  • Иманның құны өте жоғары, баға жетпес нәрсе.
    1 год назад
О блоге
0
20142 152 281 294 144