Әйелдер жайында Пайғамбарымыз Салаллаһу әлейһи уә сәлламнің мүбәрак сөздері
Әйелдер жайында Пайғамбарымыз Салаллаһу әлейһи уә сәлламнің мүбәрак сөздері
  • Жақсы мінез иесі бар әйел жетпіс әулиеден жоғары.
  • Жаман мінез иесі бар әйел мың жаман мінез иесі бар ерден де жаман.
  • Жүкті әйелдің  екі ракат намазы жүкті емес бір әйелдің жетпіс ракат намазынан да қайырлы.
  • Өз баласын емізген әйелге  әр жұтым үшін сауап беріледі.
  • Күйеуі шаршап келген кезде әйелі жылы жүзбен «Қош келдіңіз» деп айтса, жарты жихат  (Аллаһ жолында қызмет) сауабы беріледі.
  • Әйел күйеуіне, күйеуі де әйеліне рақымдылықпен және мейрімділікпен қараса  Аллаһ тағала екеуіне де  рақымдылықпен қарайды.
  • Күйеуі Аллаһ жолында қызметке шығарып салып, өзі де үйінде әдептілікпен отырған әйел күйеуінен бес жүз жыл бұрын жәннатқа кіреді. Жетпіс мың періштенің және хор қыздардың басшысы болады. Жәннат суымен жуынғаннан кейін  жақұттан жаратылған  аттың үстінде күйеуін қарсы алады.
  • Баласы жылау себебімен  түнде ұйықтай алмаған әйелге жиырма құл азат еткен сауап беріледі.
  • Ауырып қалған баласы себебімен  ұйықтай аламаған және баласын тыныштандыру үшін тырысқан әйелдің  Аллаһ тағала күнәларын кешіреді де он екі жылдық қабыл болғанын құлшылық сауабы беріледі.
  • Әйел бисмиллаһ деп қамырын илесе Аллаһ тағала  ырысына береке береді.
  • Әйел Аллаһтың зікірімен  үйін тазаласа Қағбаны тазалағандай сауап алады.
  • Әйел бес намазын оқып, ар-намысын қорғап, еріне бағынса  жәннаттың қалаған есігінен кіреді.
  • Әйел малдың сүтін бисмиллаһ деп сауса, сол мал әйел үшін дұға етіледі.
  • Еріне бағынбаған әйелдің оқыған намазы басынан төбеге көтерілмейді.
  • Жүкті әйелге күндіздерінде ауыз бекіткен, түндерінде құлшылық жасаған сауабы беріледі.
  • Жүкті әйел босанғаннан кейін Аллаһ тағала жетпіс жылдық  ораза және құлшылық сауабы жазылады.
  • Егер әйел босанғаннан кейін қырық күн ішінде  қайтыс болса  оған шәһәдәт (шәһиттік) дәрежесі беріледі.
  • Егер бала түнде оянып, анасы оны қарғамай емізсе, анасына бір жылдық намаз және ораза  сауабы беріледі.
  • Бала сүттен шыққан кейін аспаннан періште  түсіріледі де баласын емізген әйелге былай айтады: «Аллаһ саған жәннатты уәжіп қылды.
  • Егер әйел, күйеуі өзінен  разы болған  күйде қайтыс болса жәннат оған уәжіп болады,
  • Салиқалы әйел жетпіс ерден жоғары.
  • Хиджабына көңіл бөлген әйелге жәннатта Аллаһтың арнайы рақымына бөленеді.
  • Жұқа киім киген әйелдер, бөтен ердің шәһуәтін оятқан әйелдер сәнделіп – әтір сеуіп сыртқа шыққан әйелдер жәннатқа кіралмағаны сияқты жәннаттың иісінде ала алмайды.
  • Әйеліне бір мәселені үйреткенге  жетпіс жылдық  құлшылық сауабы беріледі.
Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
1 год назад 1609
3 комментария
О блоге
0
20142 152 281 294 144