Адами бағдарлама...
Адами бағдарлама...

Сезімімнен кеткендей сырт өмірге,

Оралмайды осы күн жыр көңілге.

Жан бағудың қамымен осы күні

Барамыз ба, айналып құлтемірге?

 

Өкіметтің жұмысын міндет қылып,

Зымыраған жүрміз-ау күнді өткеріп.

...Құлтемірді құл дейміз.

Өзге бізді

Жүруі де мүмкін-ау құл деп біліп.

 

Қарамайтын жыныс пен жасыңызға,

Бағдарлама жазылған басымызға.

Құшақ жайып тұрмайсыз досыңызға,

Тісті қайрап тұрмайсыз қасыңызға.

 

Жалақыға күн сайын табынасың,

Уақытқа, сағатқа бағынасың.

...Кей күндері түсіңе ауыл еніп,

Бала кезді еріксіз сағынасың.

 

Сезімімнен кеткендей сырт өмірге,

Оралмай жүр осы күн жыр көңілге.

Жан бағудың қамымен осы күні

Барамыз-ау, айналып құлтемірге.

 

Таңдап алып көріктің ең қызуын,

Осы сеңді керек-ау мен бұзуым.

Саналының керек-ау санасына

Бағдарлама адами, енгізуім...

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
1 год назад 872
2 комментария
  • Әйтеуір бір кем дүние...
    1 год назад
  • сұ өмір абақты ғой саналыға (мағжан), кейде мынау безірейген сұрқай тірліктен безіп кеткің келеді
    1 год назад
О блоге
0
20142 152 281 294 144