Ұлағаттың діңгегі
Ұлағаттың діңгегі

(әкеме)

Маң далада мұңға батқан мұнар шың,

Тіршілікте арқа сүйер тіреуім.

Түн баласы тілеп жүрген шығарсың,

Өлең іздеп кеткен қыздың тілеуін.

 

Дегендей-ақ «Қай мықтыдан кем едің?»

Сұр тіршілік салды талай салмағын.

Қалған сәтте қолтығымнан демедің,                                                                       

Қиындықтан жер баса алмай қарға адым.
 

«Кісілігі» маған аян қаланың,

Ойлы адамын жалын қақтар, от ұрып.

Қаламымды қара түске маламын,

Өлі түннен өлең іздеп отырып.

 

Сезіміммен келе жатқан жалғасып,

Мендік арман асқақтау ма,саяқ па?

Өлеңімнің өзегіне жармасып,

Ит тірлік кеп оралады аяққа.

 

Жабылып кеп жалбыр төбет талады,ә,

Талай күнде кетті есем.

Тас кереңдер мекен еткен қалада,

Сені аңсадым.

Ауылға ертең кетпесем...

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
1 жыл бұрын 440
1 пікір
  • Сағына білу адам болмысында бар, бірақ сабыр ете білу маңыздырақ екенін өзім де аңғармай қалып артынан Алладан кешірім сұрап жатқаным бар. Алма қыз, көзі бар бар туыстарыңызға Алланың амандығын тілеймін!!! Әке мен анаға барып сәлеміңізді беріп, аялы алақанын сезіну сөзбен жеткізуге болмайды. Мен енді өзім ата болып отырсам да бала болып әкем мен анамды сағынамын, Жәннәт бағы бұйырсын ол кісілерге!
    Мен де аңсадым!
    Бірақ ендігі баратын ауылым Алланың Жәннәт ауылы бұйыртсын деген үмітім бар! Аллаһу Акбар!
    1 жыл бұрын