САҚТАШЫ МӘҢГІ АЗАТТЫҒЫМДЫ
САҚТАШЫ  МӘҢГІ  АЗАТТЫҒЫМДЫ

Аппақ арманың аласармасын,

Жаныңа ешкім жара салмасын.

Тәңірінің өзі несібе еткен,

Сыбағаңа ешкім таласа алмасын!

 

Серпілтші, достың жан ызғарын дөп,

Өтелмеген әлі парыздарың көп.

Жүрсең де ойла, қандай қиырда,

Туған еліме қарыздармын деп!

 

Талмай ұшып жет – биіктеріңе,

Сүйсінсін бар жан сүйікті еріне.

Туған жеріңнің бағасын білгін,

Басыңды әр кез иіп беліне!

 

Туғанда  мынау жарысты күнім,

Текті елмен әлем таныссын бүгін.

Досыңа ашып құшақты дәйім,

Жауыңды оссын – намысшылдығың!

 

Төріңе оздыр да – ізгілігімді,

Оралтпа ойға сызды, мұңды күнді.

Шаттықты әкеп шарасыменен,

Қуантшы елді – бізді бүгінгі!

 

Ғаламға айтып ғажаптығымды,

Дастан ғып айтшы – қазақтығымды.

Қазақтық ұғым – азаттық ұғым,

Сақташы мәңгі – азаттығымды!!!

 

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
4 жыл бұрын 2631
0 пікір
Блог туралы
0
20142 152 281 294 144