Сабыр-ақылдың, сезiм-жүректiң иесi
Сабыр-ақылдың, сезiм-жүректiң иесi

 "Сабыр-ақылдың, сезiм-жүректiң иесi. Бiр-бiрiне бағына бермейтiн осы екi қасиеттi ортақ мақсатқа жүгiндiрiп, сырттай өзi сүйген адамға тiлекшi боп қалу - үлкен адамгершiлiктiң қолынан ғана келер iс".

Ш. Айтыматов                                                                                                                                                                                                          

Жақсыға бас ұрдым,

Киеден қашалған.

Сабырым – ақылдың

Иесі қашаннан.

 

Иесі жүректің –

Ең ізгі сезімім.

Сүттен ақ тілектің,

Жалғасар кезі мың.

 

Осы ортақ қасиет,

Табылса бойыңнан,

Қиыс қап қасірет,

Сән кетпес тойыңнан.

 

Тәнті боп өзіңе,

Жүрсінші ізгілік.

Бар адам сөзіңе,

Тұрсыншы үздігіп.

 

Шарықта, шіркін, ән,

Жаныма гүл екші!

...Сүйгенге сыртынан,

Бола біл – тілекші.

 

...Тасығам мен-дағы,

Сезімге мастанып.

Бақыттың кең бағы

Бір менен басталып.

 

Бірақ та болмады,

Бақыттың жалғасы.

Құс ұшты қолдағы,

Көп үркіп қалғасын.

 

Көргенім – көп күйік,

Қиналдым, бүгілдім.

Содан соң ес жиып,

Ақылға жүгіндім.

 

Осынау айтқаным,

Қолыңнан келсе егер.

Сен онда атандың -

Азамат, ел сенер.

 

Іс жаса, толғанып,

Сабырлы бол-дағы.

Мәуелер сонда анық,

Сезімнің  зор бағы!..

 

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
2 жыл бұрын 651
3 пікір