Қазақ қызы...осындай тұлға ма едің?!
Қазақ қызы...осындай тұлға ма едің?!

 (Поэзия падишасы Фаризаға)

                                               Өлең, мен сені аялап өтем...

                                                                                          Ф.Оңғарсынов

Асқақ еді тұлғаңыз, асқақ еді,

Қиялымды қияға бастап еді.

Мың шық тұнып сезімнің сеңгіріне,

Тұншықтырып кеттіңіз жасқа мені.

 

Жаным күйіп жауапсыз сұрақтардан,

Оңашада өксігем, жылап та алғам.

Қыздан көріп (сізді айтам) қайсарлықты,

Қайтадан қуаттанғам.

 

Шындық-осы,сен-жалғыз, мен де-жалғыз,

(Табылмайды дертіме емге жалбыз).

...Қара өлеңнің бел асты қара нары,

Артында-біз, парықсыз пенде бармыз...

 

Толып тұрар жүрегі сырға керім,

Тірлігінде өтетін жырлап елін.

Көк аспаннан құлайтын қия тасқа,

Қазақ қызы...осындай тұлға ма едің?!

 

Серік емес мұң менен нала кімге,

Ұмсынамын көктегі дара күнге.

...Қаламымнан төгіліп қаралы жыр,

Мен отырмын қадалып қара түнге.

 

Тексіздердің бұрылмай таласына,

Жүректердің емдедің жарасын,ә...

Найзағай боп тілгілеп қара бұлтты,

Ақ жауын боп төгілдің Алашыңа.

 

Кепіл болшы, кер-тірлік тозбасына.

Ит ұлыды.

Көрінсін өз басына!

Әй...түбі мен өлермін, сірә-дағы,

Қара өлеңнің тұншығып көз жасына...

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
2 жыл бұрын 518
3 пікір
  • фаризадан мықты қазақ ақыны бар ақ жаулықтыдан ол - қанипа бұғыбаева
    2 жыл бұрын
  • алма жарығым, ол фаризалармен құрбы болып келеді, сен айтуың мүмкің, фариза шықты да қанипа шықпады деп, тек өлеңдерін оқып көр, басқа ештеңе айтпаймын, көп нәрсені түсінесің
    2 жыл бұрын
  • Саттар аға, ұятта болса айтайын ақ жаулықты Қанапия Бұғыбаева анамыздың өлеңін оқымапын. Міндетті түрде оқимын. Ағалық ниетіңізге мың алғыс!
    2 жыл бұрын