Ғажап бәтеңке
Ғажап бәтеңке

Мақаштың бәтеңкесі ойда жоқта шалшық суға тап болды. Лезде-ақ бәтеңке тұмсығы мыжырайа қалды. Өмір бойы көрген азабы аздай-ақ бүгінгі тосын сый көктен жай түсірді. Енді бірер минут кешіксе өкпесі алқынып тұншығатындай. Ол аз болғанда Мақаштың алдынан тарғыл мысық шығып есін кетірді. Оқыс қимылмен арқасынан сөмкесін жерге алып ұрды да қолын ішіне лып еткізді. Сопақша біткен жақтарын қиқаң еткізді де, екі саусағын алға едірейті.  Сотқарлықтан сан  мәрте жапа шекседе шегінуді білмейтін мерген көзі әлгі үй жануарының әрбір қозғалысын қалт жібермей сақ тұр. Сол-ақ екен қара резеңкесі шұбатылған прашты тартып жіберді. Бұл жолыда ертегідегі Алпамыстай олжасын мүлт жібермеді. Көктен көлбеңдеп келген соқы төрт аяқты тарғылды оңдырмады. Зәресі ұшқан мақұлық зыта жөнелді. Ал, басқан ізінен шөп шықпайтын әлгі мергеннің көңілі дала секілді құшағына сыймай асып-тасиды. Тіпті маңайына шүбірлесіп жиналған ауылдың майда балаларына қарап, көрдіңдер ме, бүгінгінің Ертөстігі мен боламын дегендей сыңай танытты.

 Шай орамал кепкен уақыт ішінде Көршінің қаусаған кемпірі жұдырығын түйіп, Мақаштың мазасын қашырды.

-Тфу, осы қалтыраған кемпір қайда барсам бағдаршамдай болып алдымда тұрады да қояды-дегендей сыңай танытып, кемпірді келекке етіп, екі жұдырығын түйді. Сол-ақ екен, көктен сау еткендей

алдында шелек ұстаған мыстан кемпір тұр. Мақаш шек сілесі қатқанша күліп өзінше қарқ болды.

 - Әже емес, бүгінгінің мыстан кемпірі, үйде отырмаймысың, ала сиырыңның желінін сипап-деді, зыта жөнелді. Бұл шапшаңдыққа ілескен қарияда құр босқа қарап тұрмай, қолындағы шыбықпен Мақашты тартып-тартып жіберді. Санына қатты тисе керек, ол ор құландай жүйіткей жөнелді. Соңынан майда-шүйда балаларды қоса ағылды.

Кешкі ауылдың тіршілігі бұл көрніске үрейлене қарамайды, қайта езулерін ыржитыда кете барды.

 -Қойшы, сол Жұбаныштың сотқар баласын, әкесі марқұм қандай жақсы адам еді, мынау бір жүрген сойқан деп,-тарасып жатты.Тек құлақ түбіне анасы құрғыр Майрашта шаршады, мектептің табалдырығын тоздырып бітті. Ол байғұсты жиналыстан жиналысқа салады да жатады әйтеуір, деген үндер жетіп жатты.

Тек сөмкесі жер құшып қала берді. Ішінен шек қарындай ақтарылған кітаптардың да әбден тозығы жеткен. Ал алқына жүгірген Мақаш алдында жатқан қара тасты бірақ тепті.  Бүйірінен қатты жарақат алған алған бәтеңке адымдауға шамасы жетпеді...

 Мектеп алдында көп қара жиналыпты. Арасында мектеп түлектерінде азды – көпті көзің шалады. Мамыр айының соңғы күндері балаң жүректерді еріксіз қуантады. Осы маздаған тыныштықты ала құйындай бұзған әлгі сотқар келе салды да ірітті. Асыланды ішінен түйіп қалды.

- Бар тез, тапаныңды жалтырат, анау наубайхана жақтағы мыстан кемпірдің үйінің қасында сөмкем қалып қойыпты соны, көзді-ашып жұмғанша жеткіз,-деді де желкесін қасып. Тоқта бауырым сен қызықты сәтті ұмытпа, мен сен келгенше көңілімді көтерейін, анау қалтаңдағы ұялы телефоныңды тастап кет, деді.

Бүгін Асыланды құдай атты, арық, жүдеу реңі, суға малынған құлақшындай тыжырайып қалды. Бұл тосын бұйрықты орындамаса, бал емес, зәр ішетіні айдын анық. Амалсыз сөмкесіне тығып қойған сымсыз телефонын, оған ұсынды.

Енді көңілі орнығып топ арасында бойшаң, өзі сондай тұрпайсыз Қамбарға түсті.

- Ау, бүгінгінің Алпамысы, кел, ағаңды сонша неге жатырқап қалғансың? Әлде көршіңдегі Гүлзатқа көңілің кетіп, түнде жұлдыз санайтын болдың ба, деді де, шекесінен шертіп жіберді.

- Сол жаққа мойныңды бұр, не көріп тұрсың батырым, деді-ауыр зілмен.

- Қотыраштың дүкенін, деді, Ә, жарайсың, ымды білген дымды түсінеді,-дейді, бар да таңдайымды жібітетін шырын, көңілімді жадырататын балмұздақ, сосын, сосын, кең сарайымды ашатын, анау соратынды деді, ақырын ғана, жан-жағына ұрлана қарап.Сүт пісірім уақытта Мақаш қолына ұялы телефонды алып, Арайға қоңырау шалды.

- Ар жағынан сыңғырлаған дауыс естілді, Мақаштың есі шығып, жүрегі дүрсілдеп, тілі құрғыр байланып тастай салды.

- Ау, жігіттер қайда біздің ақылды, есепшотымыз, деді де, есептен, компютерден алдына жан салдырмайтын Бекзатты іздеп.

Қасында тұрған қарны қампиған Ерлан, ол әне екі күн болды, көрші сыныптағы Сандуғашпен әмпай-жампай болып жүр. Құдай біледі, араларында бір сыр бар-ау, деді, тер шыққан мұрынын ішіне бір тартып.

Шақыр есепшоты. Тез әкелсін әлгі ғаламторды. Әйтпесе, сәлем айт, құстың темір торына қамалады,- деді, тілін шайнап Мақаш.

Алқам салған болған Ерлан қашан көрсеңде мазасы қашып, көйлегінің жағасы бірі ішінде, бірі сыртында дегендей олпы – солпы жүреді де қояды. Не бір жарытып сабақ айтқанын, не бір әке-шешесіне көмектесіп қой баққанында көрмейсің. Әйтеуір, жүрген бір Мақаштың қолшоқпары. Өкпесін қолына ұстаған ол, жетті–ау ақыры діттегеніне.

-  Әй, есепшот, тфу, Бекзат сені Мақаш шақырып жатыр. Жүр тез қайда күйсандығың, әйтпесе баріміз құрыдық, деді. Қасында тұрған сары қыз Арай:

- Кетші, әрі, алқынбай, тер сасымай бір мезгіл жуынбаймысың, қашан көрсеңде май-май болып, бауырсақ жейсің де жүресің. Кетші жүрегімді айнытпай, деді де үсітне сөмкесінен әтір алып жаға бастады. Бекзатта тіл жоқ, Арайды сүзеген көзімен бір қарады да, Мақаштан жасқанды. Бұл қыз Мақаштың, я бір сөзбен айтқанда жүрегінің лүпілі.

Әйтеуір абыр-дұбыр, жетті-ау білім ордасына. Олармен іле-шала Арайда келген. Ғажап арай күндегідей емес, таңғы сәріде бүр жарған Раушандай құлпырып кетіпті. Мақаш бәрін ұмытты. Бағанағы өктемдігі жоқ, бетегеден аласа бола қалыпты. Қасындағы тұрған есепшот бала мыңқ-сыңқ етіп, әлденені  санап жатыр.

-Қыздар, бұл тұрыс қалай! Біздің сайын даланың жомарт жігіттері қашан өзгереді екен. Қашан көрсеңде ойлары олақ, өздері салақ болып жүреді. Білмеймін, не бітіріп жүретіндерін, - деді, саңқ етіп Арай.

Қасында тұрған сайрағыш Бақыт оған  қосылып:

-  Шынымен де осылар ең құрғанда мына өскен тал шыбықтарға да су құймайды ғой. Қарашы өздерін, күннің отына әбден қақталып қалыпты. Анау тұрған бала бақшадағы саябақ та дәл солай.

- Ия, құрбым, «берекені көктен тілеме» дейді ғой, Еңбек етсең қара жерде құр қалдырмайды ғой, Мақаш. Ойланатын уақыт жеткен жоқ па! Әлде еңгезердей бойыңа мәзсің бе? Тіпті қолыңа жай  қамшы ұстағаның болмаса,  Отаныңды қорғай алмайтын шығарсың. Жатып ішкенге,мәззсің. Құтты дайын асқа қонақтаған шыбын-шіркейдей болып. Сен өзгереме деп ойлап едім. Әсіресе анаң қандай керемет жан. Сәл де болса әкеңнің жолын қуып, елге жақсы іс жасасаң қайтеді-деді, Арай қатқыл үнімен.

Мақашты пышақсыз орып жібергендей болды. Ұяттан көңілі жерге жорғалады. Жерде саңылау бар болса, ағып кетердей болып тұр. Маңдайынан шым-шым тер бүлк ете қалды. Ғажап, өзгелерден жасқануды білмейтін Мақаш Арайдың алдында суға кеткен көжектей болып тұр. Өжет қыздың сөзі өзгелердің алдындағы беделін жермен-жексен етті. Мақаш үнсіз, шаң-шаң болып жатқан сөмкесін алды да соқпақ жолмен аяңдай берді.

-  Мақаш, Ойлан. Әсіресе аяғыңдағы бәтеңкеңді аяаймын. Қашан көрсеңде бауы салақтап, жердің кірін тазартып жүргені. Бір сәт оған көңіл аударып, алақаныңа салсаңшы оны. Есіңде жоқ па еді, қысты күні дүкенге барғанда әкең оны сыйға тартпап па еді. Аяғы жылы жүрсін, тоңбасын,  денсаулығы мықты болсын деп. Ал, дені сау, білімді азамат туған елдің қамқоршысы емес пе? –деді.

Жүрегіне жол тапқан қаршадай қыздың ақылы Мақашты  үнемі таң қалдыратын. Неге екені белгісіз осы өрімдей, талдырмаш қызды көрсе бағытынан жаңылып қала береді. Өзі бір сондай сүйкімді және де  оқу озаты. Оның қасында жүрген есепшот Бекзат та, әлгі сөзге шешен Ерлан да жай қалатын. Үнсіз соқпақ  баяу жол ақ мұршалы үйіне қашанда адастырмай әкелетін. Соңынан ерген қылжақпас достарының сөзіне құлақ аспады. Келе сала апасын іздеді.

-  Апа құдық басына барып су әкелейін. Отын жарылмапты ғой. Қазір апа, бүгін көйлегімді жуып алсам қайтеді. Мүлдем кірлеп кетіпті. Сізде шаршаған шығарсыз-деді, ақырын ғана. Апасы аң-таң. Сасқанынан ақ жаулығын түзей берді. Сол кеште дүйім жұрттың алдында жүруге ұялатын ана бойын қуаныш кернеді.  Сәл де болса мерейі асып-тасыды. Іштей Аллаға жалбарынып, күбірлей бастады...

(Жалғасы бар)

 

Алма ТүсіпбековаАлма Түсіпбекова
2 жыл бұрын 829
4 пікір